9 жасар бала ата-анасының жинаған ақшасын тауып алып, көршілеріне таратып берген — Қазақстан жаңалықтары

0

Германияда 9 жасар бала ата-анасының жинаған ақшасының бәрін көршілерге таратып берген.

9 жасар бала ата-анасының жинаған ақшасын тауып алып, көршілеріне таратып берген

Бұл туралы Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

Бад-Фильбель қаласында 9 жасар бала көршілерінің үйіне барып, есігін қаққан. Үй иелері есік ашқанда, ол үйдің жанынан 50 еуро (21 мың теңгеден аса) тауып алғанын және соны қайтарғысы келгенін айтыпты. Көршілерінің кейбірі ақшаны алып, тіпті, оған аздаған сыйлық берген. Алайда көршілерінің бірі оның сөзінің өтірік екенін біліп қойып, полиция шақырыпты. 

Полиция баладан ішінде 2,7 мың еуро (1 млн 150 мың теңгеден аса) ақшасы бар қап тауыпты. Бала мұншама ақшаны қайдан алғанын айтпай қойған. Алайда ол ақшаның қайдан шыққанан ата-анасы түсіндірген. Олар өздерінің жинаған 3 мың еуроға (1 млн 270 мың теңгеден аса) жуық ақшасы жоғалып кеткенін байқапты. Ұлы ішінде ақша жатқан шабаданды тауып алып, оның 260 еуросын (110 мың теңгеден аса) таратып үлгерген.

Полиция адамдарды баладан алған ақшаны қайтарып беруге шақырды. 

«Әрине отбасы жинаған ақшасын қайтарып алса, қатты қуанар еді», — делінеді полиция хабарламасында.

Алайда полицияынң үндеуіне әзірге ешкім жауап қатқан жоқ.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz