9 млн теңгенің азық-түлігін ұрлаған әскери қызметкер сотталды – Қазақстан жаңалықтары

0
34

Семей гарнизонының әскери соты азық-түлік қоймасынан бір жылға жуық уақыт бойы азық-түлік ұрлаған сержантқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы мен ЖШС-нің бірінің сәулетшісіне қатысты үкім шығарылды

«Сот барысында әскери бөлімнің азық-түлік қызмет қоймасының бастығы 2018 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың мамырына дейінгі аралықтағы 3 900 азық-түлік жиынтығын жымқырғаны анықталған. Оны «есептен шығарылды» деп әріптестеріне сатқан. Осылайша қоймадан 8 951 022 теңгенің өнімі қолды болған», – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сот барысында тараптар процессуалды келісімге келген.

Ал ұрлық жасаған әскери қызметшінің 3 жыл 6 айға бас бостандығы шектелді. Сондай-ақ, ол «сержант» әскери шенінен айырылды.

stan.kz