9 маусым қандай күн: тарихи оқиғалар, танымал есімдер

0
101

Бұл – Григориан күнтізбесіндегі 160-шы күн, жыл соңына дейін 205 күн бар

9 маусым мамырда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

9 маусымда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін Халықаралық достар күні аталып өтеді. Достық – бұл адамға тұлға ретінде қалыптасуға, өзіне деген құрметті арттыруға және, әрине, өмірлік тәжірибе алуға көмектесетін тамаша сезім. Әдетте, рухы мен көзқарасы жақын адамдар жақсы дос болады. Олармен бірге бос уақытыңды өткізіп қана қоймай, басыңа іс түскенде мұңыңды шаға аласың, өйткені олар әрқашан көмекке бірінші болып келеді. O.С.Ожегов сөздігі бұл ұғымды былай сипаттайды: «Достық – бұл өзара сүйіспеншілікке, рухани жақындыққа, жалпы мүдделерге және тағы басқа құндылықтарға негізделген адамдар арасындағы қарым-қатынас». Өкінішке қарай, жыл өткен сайын адал достардың саны азайып келеді, алайда «Екі жаңа досыңнан бір ескі досың артық» деген мақал әлі де өзекті. Осы бір жанға жылу сыйлайтын мерекеде бізге өмір бойы сүйеу болатын ең жақсы адамдарды еске түсіріп, оларға адалдығы, қолдауы мен бірге өткізген бақытты сәттер үшін алғыс білдірсек артық етпейді.

Сондай-ақ бүгін – Халықаралық аккредиттеу күні. Аккредиттеу жұмыстың әр түрлі салаларында қажет. Халықаралық аккредиттеу күні мерекесін ILAC және IAF Бас Ассамблеясы (сынақ зертханаларын аккредиттеумен айналысатын ұйымдар және сертификаттау органдары) 2008 жылдың 9 маусымында құрды. Бұл мерекені құруға Аккредиттеу және зертханалық аккредиттеу бойынша халықаралық ынтымақтастық жөніндегі халықаралық форумның шешімімен қолдау тапқан бастама негіз болды. Мерекенің мақсаты – ILAC және IAF аккредитацияларымен байланысты жұмыстарға назар аудару. Бұл мереке, әсіресе, сынақ зертханаларының (сертификаттау органдарының) техникалық құзыретіне сәйкес құрылымдарды аккредиттеуден өткізетіндерге арналған.

Бүгін күлкілі мультфильм кейіпкерінің туған күні – жыл сайын 9 маусымда Америкада Дональд Дактың ұлттық күні аталып өтеді! Дата кездейсоқ таңдалмаған – Дональд Дак алғаш рет экранға 1934 жылы 9 маусымда «Кішкентай ақылды тауық» (The Wise Little Hen) мультфильмі арқылы шықты. Бәріміз бала күнімізде теледидарға телміріп, Disney-дің Микки мен Дональд туралы мультфильмдерін көріп өстік. Уолт Диснейге Дональд Дакты жасау идеясы үйректің дауысын сала білетін Кларенс Нэшті (Clarence Nash) тыңдағаннан кейін келген. Диснейге Микки Маус сияқты емес, неғұрлым жағымсыз кейіпкер қажет болды. Дональд өзінің ит мінезімен өте жақсы үйлесе кеткен. Нэш Дональдты 1934 жылдан 1985 жылға дейін дыбыстап, өзінің орнына Тони Ансельмоны (Tony Anselmo) дайындады. Дональдтың екінші аты – Фонтлерой (Fauntleroy). Бұл есім 1942 жылы «Дональд Дак әскерге барады» (Donald Gets Drafted) мультфильмінде алғаш рет аталды. Дональд Дак – ресми екінші аты бар Диснейдің жалғыз кейіпкері.

9 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар

1793 жылы Жоғарғы Канадаға құл әкелуге тыйым салынды;

1822 жылы АҚШ-та Чарльз Грэм жасанды жақты патенттеді;

1850 жылы Францияда клубтар мен қоғамдық митингтерге тыйым салынған;

1904 жылы Лондон симфониялық оркестрі өзінің алғашқы концертін берді.

9 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1995 жылы «Дидар-Қазақстан» халықаралық журналының алғашқы нөмірі жарық көрді;

1998 жылы Астанада (қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы) Қырғызстан елшілігі ғимаратының ашылу салтанаты өтті;

1998 жылы Астанада «Отан қорғаушыларға» арналған болашақ ескерткіштің орнына белгітас орнатылды;

2009 жылы Ақмола облысының Торғай ауылы маңынан түркі дәуірінің «Қос батыр» ғұрыптық ескерткіші табылды;

 2010 жылы Алматыда «Алтын қалам» әдеби байқауы жарияланды.

9 маусымда дүниеге келген танымал тұлғалар

1941 жылы ағылшын әншісі әрі композиторы, «Deep Purple», «Artwoods», «Flower Pot Men», «Paice», «Ashton & Lord», «Whitesnake» топтарының мүшесі Джон Лорд дүниеге келді;

1961 жылы канадалық киноактер Майкл Фокс дүниеге келді («Отбасылық қарым-қатынас», «Болашаққа оралу», «60 тасжол» фильмдері);

1963 жылы америкалық актер және режиссер Джонни Депп дүниеге келді («Чарли және шоколад фабрикасы», «Кариб теңізінің қарақшылары» фильмдері);

1978 жылы вокалист, гитарашы, композитор, Muse тобының жетекшісі Мэттью Беллами дүниеге келді.

9 маусымда Қазақстанда кім туды

1928 жылы театр және кино режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Тұрар Дүйсебаев дүниеге келді;

1938 жылы жазушы Үсен Шойбеков дүниеге келді;

1939 жылы қобызшы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Меруерт Каленбаева дүниеге келді.

1939 жылы кардиохирург, Қырғыз Республикасының Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасының профилактикалық медицина академиясының толық мүшесі Сейітхан Жошыбаев дүниеге келді;

1974 жылы «Астана» өңірлік қолбасшылығының командирі Қайдар Қарақұлов дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Бикеш белгісінде орналасады. Бүгін тағдыршешті істермен айналыспаған жөн және маңызды шешімдер қабылдамыңыз, қызуқандылыққа салынып, өрескел қателік жіберуіңіз мүмкін. Одан да өзіңіздің сүйікті адамыңызбен романтикалық кеш ұйымдастырып, тыныш және жанға жайлы атмосферада әңгіме-дүкен құрыңыз, бұл сіздің одан әрі қарым-қатынасыңызға жақсы әсер етеді.



sputniknews.kz