9 күн жансақтау бөлімінде жатқан: Коронавирустан көз жұмған 50 жастағы қазақстандық жайлы жаңа деректер айтылды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанда коронавирустан көз жұмған екінші науқас жайлы деректер жария етілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап. 

 науқас

Науқас ауруханаға түскен кезде оның бойында тыныс алу жетіспеушілігі мен өкпе қабынуына шалдыққаны тіркеліпті. Осы уақыттан бері пациенттің қант диабеті, артериалдық гипертензияға шалдығып, инсулинге тәуелді болғандықтан оның жағдайы нашарлай түскен. 

22 наурыз күні ол қарқынды терапия және жансақтау бөліміне жатқызылған. 

Тексеру барысында оның коронавирус жұқтырғаны анықталыпты. Хаттамаға сәйкес ем шаралары тағайындалып жүргізілген. Астана медициналық университетінің қызметкерлерін шақыртып, күн сайын науқастың жағдайы тексеріліп тұрыпты. 

Өкінішке орай, көрсетілген ем шараларына қарамастан науқас жүрек, тыныс алу және бүйрек жетіспеушілігі салдарынан 31наурыз сағат 03:30-да  жан тапсырған. 

Еске салайық бұған дейін Қазақстанда коронавирустан екінші науқастың көз жұмғаны айтылған еді. 

 

stan.kz