9, 10, 11 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамы
Қысқа сілтеме алу
«Қазгидромет» РМК алдағы үш күндегі ауа райына болжам ұсынды. Синоптиктердің айтуынша, алдағы күндері қар және жаңбыр жауып, көктайғақ болады
НҰР-СҰЛТАН, 8 қараша – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым аумағында қар және жаңбыр жауып, көктайғақ болып, тұман түседі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазгидрометтің ақпаратынша, демалыс күндері Қазақстан аумағы арқылы оңтүстік-шығыс бағытта атмосфералық ауа ағымдары ығысады. Соның әсерінен көптеген облыста ауа райы жауын-шашынды болады. Қар және жаңбыр жауып, көктайғақ болады, тұман түседі.
«Атлантикалық жылы ауа массалары батыс бағыттан біртіндеп солтүстік-батысқа ауысады. Соған байланысты арктикалық теңіздерден суық ауа массалары ығысып, республикада күн тағы да суытады», — деп ескертті синоптиктер.
Ірі қалалардағы ауа райы
Нұр-Сұлтан
- 9 қарашада күн бұлтты, таңертең жаңбыр, ал кешке қар жауады. Сынап бағанасы түнде +2 ℃, күндіз +1℃ көрсетеді.
- 10 қарашада күн ашық, таңертең аздаған қар жаууы мүмкін. Ауа температурасы – түнде -4℃, күндіз -10℃.
- 11 қарашада күн бұлтты, түнде -17℃, күндіз -12℃ суық болады.
Алматы
- 9 қарашада күн ашық, күндіз +11℃, түнде +3℃ жылы.
- 10 қарашада күн ала бұлтты, күндіз сынап бағанасы +11℃, түнде +8℃ көрсетеді.
- 11 қарашада күн бұлтты, жаңбыр жауады. Түнде +5℃, күндіз +3℃.
Шымкент
- 9 қарашада күн ашық, күндіз +13℃, түнде +4℃ жылы.
- 10 қарашада да ауа райы жауын-шашынсыз. Сынап бағанасы күндіз +10℃, түнде +3℃ көрсетеді.
- 11 қарашада күн ашық, ауа температурасы +11℃, түнде +2℃ жылы болады.
sputniknews.kz