9, 10, 11 қаңтарда ауа райы қандай болады

0
48

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қазгидромет 9-11 қаңтардағы ауа райына болжам жасады, сондай-ақ ертең бірнеше өңірде дабылды ескерту жарияланған

НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. Алдағы үш күнде республикада қатты аяз күтілмейді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанға Атлантика мен Жерорта теңізінен атмосфералық ағымдар бірінен кейін бірі ығысып, дымқыл және жылы ауа массаларын алып келеді. Осыған байланысты жауын-шашынға қарамастан, республикада қатты аяз күтілмейді.

Солтүстік-батыс тропосфералық ауа ағымдары оңтүстік-батысқа ауысып, ауа температурасы қайта жоғарылайды. Қазақстанның басым бөлігінде көктайғақ пен тұман сақталады.

Дабылды ескерту

Қазгидромет 9 қаңтарда бірнеше өңірде дабылды ескерту жариялады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады.

Тағы оқыңыз: 2020 жылға жұлдыз жорамал: тышқан жылы кімдер үшін сәтті болады?

Қостанай, Ақмола, Ақтөбе және Түркістан облыстарының кейбір аймағында да тұман күтіледі.

Шымкент, Түркістан, Ақтөбе қалаларында да – тұман.

Ірі мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтан

  • 9 қаңтарда күн бұлыңғыр, түнде -13℃, күндіз -11℃.
  • 10 қаңтарда күн бұлтты, түнде -12℃, күндіз -16℃.
  • 11 қаңтарда күн ала бұлтты, түнде -16℃, күндіз -14℃.

Алматы

  • 9 қаңтарда күн бұлтты, түнде -6℃, күндіз -5℃.
  • 10 қаңтарда күн бұлыңғыр, түнде -7℃, күндіз -3℃.
  • 11 қаңтарда күн ала бұлтты, түнде -2℃, күндіз +2℃.

Шымкент

  • 9 қаңтарда күн бұлыңғыр, түнде -6℃, күндіз +3℃.
  • 10 қаңтарда күн бұлтты, түнде -3℃, күндіз +4℃.
  • 11 қаңтарда күн ала бұлтты, түнде +3℃, күндіз +5℃.



sputniknews.kz