87 млрд теңге жұмсалған Керуен-Сарайдың төбесі құлады (видео)

0

Түркістан облысындағы Керуен-сарайдың басы даудан арылмай тұр. Ашылғанына екі айдан енді асқан нысанның қабырғасы сөгіліп, енді төбесі құлап жатыр. Жергілікті тұрғындар бұл жағдайды видеоға түсіріп желіге салуда.

Әлеуметтік желіде Керуен-сарайдың төбесі опырылып түскені бейнеленген суреттер мен  видеолар таралуда. Осыған қатысты Түркістан облысы әкімінің орынбасары түсініктеме берді.

“Желілерде Түркістандағы Керуен-сарай аркаларының бірінің төбесі құлағаны туралы видео таратылуда. Нысан басшылығының өтініші бойынша келушілердің қауіпсіздігін сақтай отырып, жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Әлеуметтік желі пайдаланушыларынан жалған ақпарат таратпауды сұраймын.
Нысан жеке инвестициялар есебінен салынғанын еске салайын. Құрылыстың сапасына инвестор жауап береді”, – дейді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалмақанов Facebook парақшасында.

Еске салсақ, қоғам белсендісі Шыңғыс Лепсібаевтың Facebook-тегі жазбасына сәйкес, 87 млн теңге жұмсалған кешеннің сыртқы қаптамалары жылға жетпей бүліне бастағанын, ғимараттың керегелері жеңіл пенопластан салынғанын айтқан еді.