87 миллион теңгені қалтасына басып, шетелге қашып кеткен азамат Ресейде ұсталды
Қазақстандық банктің 87 миллион теңгесін қалтасына басып, шетелге қашып кеткен ер азамат Ресейде ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қостанай облысы ПД-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер азамат Челябинск қаласында қолға түскен. Бұл қалаға оны қазақстандық такси жүргізушісі алып келіпті. Қылмыскерді ұстау үшін 1 аптаға жуық уақыт кеткен. Ол асы уақыт аралығында жалдамалы пәтерде тұрып келген. 20 қараша күні үйде тінту амалдары жүргізіліп, нәтижесінде 136 мың евро көліміндегі ақша табылған. Қазір қазақстандық азамат Челябинск қаласының уақытша тергеу изоляторына қамауға алынған.
«Келіп түскен ақпарат бойынша ол ақшаның жартысын өзінің және жақындарының 8 несиесін жабу үшін пайдаланыпты. Ол бұл әрекетті интернеттің көмегімен жүзеге асырыпты. Қазіргі кезде азаматты Қостанай облысына жеткізу туралы келісімдер жүргізілуде», — деді ПД-нің қызметкерлері.
Тергеу барысын қадағалауды облыс ПД-нің басшысы Бекет Аймағанбетов өз мойнына алған.
Бұған дейін Жітіқарада банк қызметкері 87 миллион теңгені жымқырып, шетелге қашып кеткені айтылған еді.
stan.kz