850 мың теңге төленеді: Біртанов наразылық білдірген медицина қызметкерлеріне жауап берді — Қазақстан жаңалықтары

0

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырған науқастар жатқызылған изолятордың медбикелері мен санитар қызметкерлерге жауап берді. Бұған дейін ем орталығының қызметкерлері оларға берілетін үстемақыны алмақ түгелі, естімедік деп шағымданыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

медперсонал

Өздерінің Holanews порталына берген сұқбаттарында елордалық станционардың медициналық қызметкерлері Жанар Мұхамеджанова, Тамара Әмірбекова, Татьяна Борисова, Гүлнар Хайрина, Айман Оралбаева наурыз айына алған жалақыларына көңілдеріне толмайтынын айтып, тіпті, жұмыстарынан кететіндей дәрежеде отырғандарын жеткізіпті. 

Денсаулық сақтау министрі оларға жауап ретінде Facebook парақшасында жазба қалдырды. 

«Мен сіздердің үндеулеріңізді оқыған кезде қатты қынжылдым. Сіздердің наразылықтарыңызды түсінемін. Жұмыстарыңыздағы жағдай тек сіздерді ғана емес, мені де қатты алаңдатуда», — дейді министр.

Сөзінше, аталмыш станционар бірнеше рет тексерістен өтіп, заманауи талаптарға сай екендігі анықталған. 

«Қазір мен жедел түрде аталған оқиға бойынша комиссия шақыртып, тексерісті бастамақпын. Жақын арада мәселенің түп-төркіні шешіледі. Сіздердің бастарыңызды қатерге тігіп жүргендеріңізді түсінемін. Сіздер адамдардың өмірі үшін арпаласудасыздар», — деп қосты Біртанов. 

Сондай-ақ шенеунік мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша медициналық қызметкерлерге үстемақы төлеу мәселесі жақын арада тиянақталып, жүзеге асатынын жеткізді. Айтуынша, қазір министрліктегілер арнайы бұйрықты құрастырумен айналысып жатқан көрінеді. Бұл қаулыда медициналық қызметкерлерге үстемақы тағайындаудың принциптері мен механизмдері көрсетіледі екен. 

«Республикалық бюджеттен медициналық қызметкерлерге үстемақы төлеу үшін қосымша қаражат бөлінді. Тиісті қаулы қабылданған соң, 5 сәуірге таман наурыз айы үшін сыйақы табысталады», — дейді ол. 

Сыйақы берілетін қызметкерлер үш санатқа бөлініпті:

1. Қауіпі жоғары жерлерде жүргендер үшін 850 мың теңге төленеді. Бұл санатқа жансақтау бөлімдері мен инфекциялық ауруханалардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері кіреді.

2. Екінші топтағыларға 425 мың теңге төленеді. Бұл топтағылар — қауіпі орта орындарда жүргендер. 

3. Және қауіпі төмен ортада жүргендерге 212,5 теңге көлемінде сыйақы табысталады. 


Қазақстандық дәрігерлерге 3 ай бойы үстемақы төленеді — Тоқаев

 

Біртанов мемлекет тарапынан бөлінген және кәсіпкерлер аударған қаражат қайда кеткенін ашып айтты. 

«Бұл қаражат әртүрлі мақсаттарда пайдаланады. Мысалы, жеке қорғаныс құралдары не дәріөдәрмектерді сатып алуға, медициналық құралдар, коронавирус диагностикасы үшін тесттерге, қауіпті мемлекеттерден қазақстандықтарды эвакуациялау үшін осы қордан ақша аударылады. Медициналық қызметкерлерге төленетін үстемақы туралы айтарым: жақын арада президенттің тапсырмасы бойынша барлығы да іске асырылады. Сіздер қатерлі аймақта жүрсіздер, сіөздердің қауіпсіздіктеріңізді қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар атқарылуда», — дейді министр. 

Барлық шешімдер ашық түрде, комиссия арқылы қабылданады дейді министр. Комиссия құрамына әртүрлі қалалар мен облыстардағы қоғамдық ұйымдардың, Nur Otan партисының, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері кіреді екен. 

«Еске саларлық жайт, ақпан айында Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында жұмылдырылған дәрігерлерге ақпан айында екі айлық жалақы көрсеткіші мөлшерінде сыйақы табысталған еді», — деп қосты Біртанов. 

Бұған дейін, Атырауда тағы бір медбике коронавирус жұқтырғаны айтылған еді. 

 

stan.kz