Home Жаңалықтар 85 жастағы ақсақалмен билеген әнші Шахизада желіні жарды (видео)

85 жастағы ақсақалмен билеген әнші Шахизада желіні жарды (видео)

0
3104

Белгілі әнші Шахизада Түркиядағы қазақтардың үйлену тойына қатысты. Дүниежүзінің түкпір-түкпірінде жүрген қазақтардың басын қосқан бұл жиында әнші 85 жастағы той иесімен қара жорға биін биледі, деп хабарлайды Oinet.kz.

Әнші Түркиядағы қандастардың тойына барғаны жайлы өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

– Қазақтың сөзі бар «шақырған жерден қалма, шақырмаған жерге барма, шақырғанға зар боласың» деген. Міне, тағы тойға келдік. Қара жорға биінің арыстаны – Арыстан атамыздың Стамбулдағы немересінің үйлену тойының жалғасы. Бұл тойға дүние жүзінен келген қазақтар жиналды. Той тойға ұлассын!», – деп жазды ол.

Ал видеон көрген желі қолданушылары түрлі пікірлерін жаудырды. Бірі шетелде жүрген әншіні сынап, пікір қалдырса, енді бірі ақсақалдың әлі де тың екенін айтып, қайран қалды.