«85 мың теңгеге өмір сүруге болады»: Вице-министр қазақстандықтардың жалақысына байланысты сауалға жауап берді

0

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев елімізде тұрғындардың 85 мың теңге жалақыға өмір сүре алатынын айтты. Бұл туралы Kznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды.

Ол өзіне қойылған 85 мың теңге жалақыға Қазақстанда өмір сүруге болады ма деген сауалға жауап берді.

“Иә, әрине 85 мың теңгеге өмір сүруге болады. Бірақ қазір әр салада еңбекақының мөлшері өсуі керек. Осы методикамен біз қазір айналысып жатырмыз”,- деді ол.

Вице министр “Ал сізге жете ме?”,- деген сұраққа кідіріп, жеке сауал екенін айтты.

“Сізбен келіспеймін, жалқы бойынша жұмыстар 2022 жылдан басталды. Жыл сайын 20%-ға көтеріп жатырмыз. Биылдан бастап жаңа методикамен жұмыс істеп жатырмыз. Депутаттардың мәселе көтергенін күтесіздер дегенге келіспеймін. Алайда олармен бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз”, – деді  Олжас Ордабаев.

Фото: gov.kz