82 жасында өзінен жас қызға үйленген Нұрғали Нүсіпжановты өнер жұлдыздарынан кімдер құттықтады – Қазақстан жаңалықтары

0
120

Шаңырақ көтерген қазақтың әйгілі әншісі Нұрғали Нүсіпжанов пен журналист Жадыра Сейдешті бірқатар өнер жұлдыздары құттықтап, ақ жарма тілегін айтты.

82 жасында өзінен жас қызға үйленген Нұрғали Нүсіпжановты өнер жұлдыздарынан кімдер құттықтады

Кешелі желі қолданушыларының бір тобы жұбайлардың үйленгеніне сын-пікір жазып жатыр. Бірі қолдау білдірсе, енді бірі таңғалысуда.

Нұрғали Нүсіпжановтың шаттығын тойлауға жиналған бірқатар өнер жұлдыздары тойда бой көрсетті. Көпшілігі әлеуметтік желіде ел алдында ақ тілегін айтты.

Бұл ретте әзілкш, актер Қайрат Әбілгерей сөзін әзілмен жеткізіп, тілегін айтты.

«Нұрғали аға, бақыт құсыңыз құтты болсын! Әттең, қуанышыңызды ата-анаңыз көрмей кетті. Бойдақтар «қыз жоқ» деген сылтауларың көк тиын», – дейді ол.

Олардың қатарында Меруерт Түсіпбаева, Құрманай Бақтиярқызы, Айқын, Абай Бегей, Қайрат Әділгерей бар.

«Нұрғали аға, нағыз қарапайым, интеллигент азамат! Қанша атақты болғанымен өте қарапайым әнші. Қазақтың біртуар ұлы. Текті кісі. Бір күн болса да бақытты болғанын қалаймын. Адамның қанша өмір сүретінін Алла ғана біледі. Бақ құсы құтты болсын! Жары өзін шын сүйеді деп ойлаймын. Қазақтың ардақты ұлын жамандамайық», – дейді әнші.

Ақын Құрманай Бақтиярқызы да жұбайларға бақыт тілеп, ұлы адамдардан ұрпақ алу айып емес деп кеңес берген еді.

«Басқасы басқа Нұрғали ағамыздың қуанышына ортақпын. Қол қолдап қолдау білдірем», – деді Айқын.

Абай Бегей сын айтушылардан артық сөз айтпауды сұрады.

«Нұрғали аға байлық жиған адам емес. Сондықтан жеңгеміз байлыққы қызықты деп ойламаймын. Ұрпақ қалдыруды ойлаған шығар. Артық сөз айтпайық. Алдымызда не күтіп тұрғанын білмейміз ғой», – деді ол.

Кейбір жрналистер де көпшілікті сабырлыққа шақырып, тойға құтты болсын айтты.

«Ғайбат айтпайық достар. Әркімнің бақытты болуға құқығы бар. Махаббат жасқа қарамайды», – деді журналист Ирина Советжанқызы.

«Артық ауызды жабайық. Алда не болатынын Алла ғана біледі. Қазақтың қадірлі ақсақалының таңдауын құрметтейік», – дейді тележүргізуші Ерғанат Көпжасар.

stan.kz