82 жастағы Нұрғали Нүсіпжановтың кімге үйленгені белгілі болды
Қысқа сілтеме алу
Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов 37 жастағы Жадыра Сейдешке үйленді
НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов Жадыра Сейдешке үйленді. Мұны тойда болған Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешова растады.
«Нұрғали Нүсіпжанов пен Жадыра Сейдештің үйленгені рас. Той кеше Алматыда өтті. Оған мен де қатыстым. Той өте керемет өтті. Нұрғали Нүсіпжановтың ең жақын достары болды. Оның ішінде мен де бармын. Оларға тек қана зор денсаулық, бақыт тілеймін», — деді Sputnik Қазақстан тілшісіне тойда болған белгілі актриса Меруерт Өтекешова.
Нұрғали Нүсіпжановтың таңдаған жары – Жадыра Сейдеш 1982 жылы дүниеге келген. Ол Қазақ радиосында, КТК арнасында көп жыл журналист, тележүргізуші болып істеген. 2015 жылы «Жүрекжарды» авторлық бағдарламасы үшін «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты атанды.
Нұрғали Нүсіпжанов 1937 жылы 5 қаңтарда Талдықорған облысының Гвардия ауданындағы Күреңбелдің (Алтынемел) жанындағы Доланалы ауылында туған. Ол — Қазақстанның халық әртісі. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Парасат, Құрмет ордендерінің иегері.
sputniknews.kz