800-ге жуық сотталушыға рақымшылық жасалды

0
800-ге жуық сотталушыға рақымшылық жасалды


Түркіменстанда Бейтараптық күні қарсаңында сотталушыларға рақымшылық жарияланды.

Елдегі ресми басылымдардың жазуынша, президент жарлығымен 800-ге жуық азаматқа рақымшылық беріледі.

«Түркіменстан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедов «Халықаралық бейтараптық күніне орай рақымшылық жасау туралы жарлыққа қол қойды, оған сәйкес, 796 азамат бостандыққа шығады», — деп хабарлайды Түркіменстанның мемлекеттік ақпарат агенттігі.

2017 жылы Бердімұхамедов үш мыңнан астам сотталушыға рақымшылық жасаған. Бірақ құқық қорғаушылардың айтуынша, бостандыққа шыққан азаматтар арасында саяси тұтқындар жоқ.

Дереккөз: centralasian.org