80 шөбересі бар 112 жастағы шымкенттік әжей туралы не білеміз? (фото)

0

Шымкенттің Абай ауданында тұратын Гүлчечек Колаева биыл 10-шы қаңтарда 112 жасқа толды. Әжейдің 30 немересі, 80 шөбересі бар. Ал шөпшек санынан тіпті отбасы мүшелері деп жанылысады деп жазады «Замана» басылымы.

 

Қызылжар аумағында тұратын Гүлчечек әже жұбайы Ахмед Колаевпен төрт баланы тәрбиелеп өсірген.

Бүгінде үлкен қызы 82 жасқа толса, екі ұлы 63 пен 61 жасқа аяқ басқан. Ал кіші қызы Қаймақ дүниеден өткен екен.

Құлағы естіп, көзі көретін әжей үй ішінде өзі жүріп-тұрады екен.

«Біз өзімізге тамаққа не дайындасақ, апам содан ішіп-жей береді. Сүт қосыл­ған шайды науатпен ішкенді жақсы көреді. Балалары не ішемін десе де әкеліп береді», — дейді қара шаңырақтың келіні 62жастағы Хани Ахмедова.

Әжей қартайғанымен өмірінің кей сәттерін жақсы есте сақтаған. Тұрмысқа шыққан кезін, Кавказдан жер аударылып келгендегі оқиғаларды, колхоз-совхоздарда еңбек еткенін айтып отырады.

Келінінің сөзінше, Гүлчечек әжені іздеп келіп, амандасып тұратындар көп. Әжей оларға ақ батасын береді.

Гүлчечек әжей атасының алғаш көрген немересі болғандықтан, есімін әулеттерінің гүлі болсын деп ырымдап қойған екен.

Ұлты месхет түрігі. Ол 1944 жылы Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстанға жер аударылған.

Дереккөз: kaz.nur.kz