8 жыл өлілер тізімінде болған: Тараз тұрғыны жеке куәлігін ала алмай жүр — Қазақстан жаңалықтары

0

Таразда өзін өлілер тізімінен тапқан азамат жеке куәлігін ала алмай жүр. Құқық органдары тұрғынды 8 жыл бұрын бақилық болғандар қатарына заңды түрде қосқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Алматы» арнасына сілтеме жасап.

8

Марат Мейірханұлының сөзінше, жеке куәлікке жарымай жүргеніне 10 жылға жуықтаған. 2010 жылы мерзімі өткен құжатын ауыстыруға барғанда, төлейтін айыппұлы мен тұрғылықты жерде тіркеуінің болмаған. Бірнеше жылдан кейін ХҚКО-на қайта барғанда, күтпеген жағдайға тап болған.

«Барсам – өліп қалғансың дейді. Сонымен өліп қалғанда қалай өліп қалғам, мен тірі адаммын ғой.  Дәлелдейтін әкем де ағам да бар. Бірақ та білмеймін, компьютерде 2012 де өліп қалды деп мені шығарған. Астанада балам бар, сол жаққа шықырып еді, ешқан  жаққа шыға алмай отырмын. Қазір аурухана  жатайын десем, олар да жатқызбай жатыр», — деді ол.

55 жастағы азамат сөзінше, жеке куәліксіз не жұмыс, не мемлекеттік мекемелердің ешқайсысынан қызмет ала алмаған. Ол өзінің заңнан хабарсыз екенін де жасырмады. Аталған мәселеге байланысты көші-қон полициясы мен халыққа қызмет көрсету орталығы түсініктеме берді. Тірі адамның өлілер қатарынан табылуын мамандар да түсіндіре алмады.

«Өлілер санатына көшуін алдағы уақытта тексереміз. Нақты анықтаймыз. Дәл осындай жағдайда болды деп мен сіздерге  айта алмаймын.  Қазіргі таңда бұл кісі жазбаша түрде бізге арыздануы керек. Арыз түскеннен бастап, біз тексеру жұмысын жүргіземіз. Азаматтың өзінің де кінәсі бар, 10 жыл бойы көші-қон полициясына келмей, хабарын бермеген. Құжаттарын ауыстырмаған себеп те болып отыр», — деді қалалық полиция бөлімі көші-қон қызмет бөлімшесі басшысының міндетін атқарушы Арай Айымбек.

Көші-қош полициясының өкілдері 2011 жылы құжаттаманың жаппай электронды түрге көшуі кезінде қателіктер кетуі мүмкін дейді. Тұрғынның құжат бойынша бақилық болуынан деген болжам айтып отыр.

Айта кетейік, қос мекеме басшылары аталған мәселені 2 апта ішінде шешуге уәде берді.

stan.kz