8 шілдеге ауа райы болжамы

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Синоптиктер Қазақстанның басым өңірінде ауа райы құбылмалы болады деп болжап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде — Sputnik. Атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде ауа райы құбылмалы болады, найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл тұрады, оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі.

Еліміздің оңтүстігі мен батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлады Қазгидрометорталықтың мамандары.

 Өңірлердегі ауа райы

  • Қарағанды, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарында күн күркіреп, дауыл тұрады, бұршақ жауып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді деп болжануда.
  • Ақмола облысында кей жерлерде желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейіп, күндіз күн күркірейді.
  • Қызылорда облысында кей жерлерде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, шаңды дауылға ұласады, кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл тұрады.
  • Қостанай облысында түнде кей жерлерде күн күркірейді, күндіз секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
  • Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркірейді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
  • Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды облыстарында, Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күндіз аптап ыстық болады.

Мегаполистердегі ауа райы  

Нұр-Сұлтан

Қазақстанның астанасында күн ашық, секундына 5-10 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 13-15 градус жылы, күндіз 30 градусқа дейін ыстық болады.

Алматы

Сынап бағанасы түнде 20-22 градус жылыны көрсетеді. Күндіз ауа температурасы 33 градусқа дейін жетеді. Жауын-шашын болмайды.

Шымкент

Ауа райы ашық болады деп болжануда. Кейде секундына 10 метрге дейін жел тұрады. Температура 36 градусқа дейін көтеріледі. Түнде 21-23 градус жылы болады.

 



sputniknews.kz