8 қазанда қандай іс-шаралар өтеді

0

8 қазанға жоспарланған шаралар

 

НҰР-СҰЛТАН

09.00-18.00 — «Монастыри и монашество в России» көрмесі. Қазақстандағы Ресей күндері аясында өтеді. Көрмеге XVIII- XX ғғ. юелгісіз шеберлер жасаған туындылар қойылады (Өтетін орны: Күйші Дина көшесі, 27/1).

10.00 – Елбасы кітапханасында жаңа экскурсиялық бағдарламалардың тұсауы кесіледі («ҚР тұңғыш президенті – елбасының кітапханасы. Байланыс телефоны: +7(7172) 69 30 56).

10.00 – «»С уважением из Караганды» атты суретші және театр декораторы Игорь Баграмовтың көрмесі өтеді. Сурет көрмесінде оның 90-нан астам туындысы қойылады (Тәуелсіздік сарайы, Тәуелсіздік даңғылы, 52).

13.00 –»Муму» балалар спектаклі. (Оқушылар сарайы, Момышұлы даңғылы, 5. Байланыс телефоны: +7 (7172) 70 12 12)

16.00 – Кәсіподақтар күніне орай салтанатты шара ұйымдастырылады. Оған түрлі салада еңбек етіп жүрген еңбек ұжымдары, ҚР мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, мемлекеттік орган, кәсіподақ қызметкерлері қатысады. Ресми шара басталмас бұрын «№1 Автобус паркі» АҚ ұжымымен кездесу жоспарланып отыр (Қазақ ұлттық өнер университеті, Тәуелсіздік даңғылы, 50. Аккредитация +7 701 254 63 59).

17.00 – «По страницам музыкальной классики» концерті өтеді (Астана Опера театры, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

18.00 – Қазақстандағы Ресей күндері аясында «Самая красивая страна» орыс географиялық қоғамының фотокөрмесі ашылады (Жас көрермен театры, Шаляпин көшесі, 22).

19.00 – Қазақстанның еңбегі сіңірген әртісі Айжан Нұрмағамбетованың жеке концерті өтеді. Кеш қонақтары: Әлішер Каримов, Маржан Арапбаева, Қайрат Түнтеков, Меруерт Мүсірәлі (Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы. Байланыс телефоны: +7 708 703 09 07).

19.00 – Қазақстандағы Ресей күндері аясында Сретенский монастырь хорының концерті (Жас көрермен театры, Шаляпин көшесі, 22).

ҚАРАҒАНДЫ

15.00 — Қазақстандағы Ресей күндері аясында педагог, профессор Смирнов «Основы техники русской речи на сцене» шеберлік сағатын өткізеді (Станиславский атындағы орыс драма театры, Мир көшесі, 19/1).

9 қазанға жоспарланған шаралар
НҰР-СҰЛТАН

09.00 – «»Ақылды қалалар – Ақылды дестинациялар» тақырыбы бойынша қалалық туризмге арналған VIII Жаһандық саммит. Саммиттің ұйымдастырушылары – Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі және Бүкіләлемдік туристік ұйымы (БҰҰ – UNWTO) Онда тұрақты даму, қаланы басқару, жаңа инновациялар және технологиялар мәселесі талқыға салынып, түрлі тақырыпта панельдік сессиялар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады. Саммитке 30 елден 700-ден астам қатысушы келеді деп жоспарланып отыр (Тәуелсіздік сарайы, Тәуелсіздік, 52. Аккредитация еpress@astana.kz электронды поштасы немесе +7 (7172) 55 64 21 телефоны арқылы жүргізіледі).

10.00 – Орыстың ұлы суретшісі, ғалымы, философы, қоғам қайраткері Николай Рерихтің 145 жылдығына орай «Любовь может создавать миры» атты көрме өтеді. Ол 9 желтоқсанға дейін жұмыс істейді. Көрмеге кіру тегін (Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы).

18.00 – Максим Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында 119-рет театр маусымы ашылады. Осы орайда арнайы пресс-конференция ұйымдастырылып, қонақтар үшін сыйлықтар ойнатылады. Сондай-ақ «Евгений Онегин: Сцены из романа. Наши дни» спектаклі қойылады (Бейбітшілік және келісім сарайы, Тәуелсіздік даңғылы, 57. Аккредитация +7(7172) 320-570, +7 701 338 05 98).

11.00 – «Эйр Астана» компаниясы алыс жерлерге арналған Airbus 321 LR ұшағын таныстырады (Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы, Қабанбай батыр даңғылы, 121).

АЛМАТЫ

09.00 — II Kazakhstan Healthcare Forum 2019. Форумға денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қатысады. Шара кезінде медицина саласының өзекті мәселелері талқыланып, ем-домның жаңа әдістері таныстыралады. (The Ritz-Carlton Almaty, Әл-Фараби даңғылы, 77/7. Байланыс телефоны: +7 (727) 397 03 06 (ішкі 2252), +7 707 280-46-6).

09.00 — 19.00 – Қазақстандағы Ресей күндері аясында Сретенский монастырь хорының концерті (Никольский Соборы, Байтұрсынов көшесі, 56/5).

10.00 – Орталық Азия бойынша үш тарапты келіссөздер жүргізіледі. Шараға алдың елдің сарапшылары қатысады: Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан. Шараға қатысатын 60 сарапшы өңірдегі жердің құнарсыздануы, климаттың өзгеруі, Орталық Азиядағы әр алуандылықты сақтау мәселелерін қозғайды. Шара аясындағ БАҚ үшін пресс-брифинг ұйымдастырылады. Келіссөздерге Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев, Қазақстандағы БҰҰ-ның даму бағдарламасының (UNDP) тұрақты өкілі Якуп Бериш, Қазақстандағы БҰҰ-ның даму бағдарламасының (UNDP) аға техникалық кеңесшісі Элли Кодси қатысады (InterContinental Almaty қонақ үйі, Желтоқсан көшесі, 181).

09.00-18.00 (9-18 қазан) — Қазақстандағы Ресей күндері аясында «Самая красивая страна» орыс географиялық қоғамының фотокөрмесі ашылады (Рухани-мәдени әкімшілік орталық, Әшімбаев көшесі, 26).

ҚАРАҒАНДЫ

10.00 – Орыс тіліндегі қазіргі заман процестеріне арналған дөңгелек үстел өтеді (Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Мұқанов көшесі. 1 корп. 8).

11.00 – Қазақстандағы Ресей күндері аясында педагог, профессор Смирнов «Основы техники русской речи на сцене» шеберлік сағатын өткізеді (Станиславский атындағы орыс драма театры, Мир көшесі, 19/1).

10 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 — «Ақылды қалалар – Ақылды дестинациялар» тақырыбы бойынша қалалық туризмге арналған VIII Жаһандық саммит. Саммиттің ұйымдастырушылары – Нұр-Сұлтан қаласының әкімідігі және Бүкіләлемдік туристік ұйымы (ООН – UNWTO) (Тәуелсіздік сарайы, Тәуелсіздік, 52.
Аккредитация еpress@astana.kz электронды поштасы немесе +7 (7172) 55 64 21 телефоны арқылы жасалады).

АЛМАТЫ

15.00 – Made in Germany – EEGERU Connect халықаралық музыка фестивалі өтеді. Шараға қатысушылар Garage, Eegeru музыка топтарымен, Сергей Невский, Бригитта Мунтендорф атты композиторлармен кездесе алады (Forum Almaty сауда – ойын-сауық орталығы).

17.00 – Ересектер мен жасөспірімдер арасында мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир өтеді. Шараға 15 елдің спортшылары қатысады. Турнирді «Денис Тен қоры» қоғамдық қоры ұйымдастырады. Спорттық шара 4 категория бойынша өтеді: ерлер мен әйелдер, жұптық сайыс, мұзда билеу. Халықаралық турнир Олимпиада жүлдегері, атақты қазақстандық фигурист Денис Теннің еске алуға арналған. Жарыс аясында мәнерлеп сырғанау жұлдыздарының қатысуымен Гала-шоу да ұйымдастырылады («Халық Арена» спорт кешені. Байланыс телефондары: +7 777 674 76 50, +7 (727) 239 11 33).

ҚАРАҒАНДЫ

11.00 – Қазақстандағы Ресей күндері аясында педагог, профессор Смирнов «Основы техники русской речи на сцене» шеберлік сағатын өткізеді (Станиславский атындағы орыс драма театры, Мир көшесі, 19/1).

11 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – Ресей баспа үйінің шыққан кітаптар көрмесі салтанатты түрде ашылады (Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы, Кенесары көшесі, 39. Байланыс телефоны +7 (7172) 32 28 40).

19.00 – Фридрих Шиллердің драмасы бойынша «Дон Карлос» операсының тұсауы кесіледі (Астана Опера театры, Қонаев көшесі, 1).

20.00 – Алла Духованың TODES балеті «Продолжение» атты жаңа би спектаклінің премьерасы өтеді (Nomad City Hall, Мәңгілік ел даңғылы, B2.3).

15.00 – ҚР Парламенті мәжілісіндегі «Народные коммунисты»фракциясы кеңейтілген отырыс өткізеді. Шара аясында «Педагог мәртебесі» заң жобасы талқыға салынады (Hilton GardenInn қонақ үйі, Қабанбай батыр даңғылы, 15. Байланыс телефондары: +7 (7172) 77 91 73, +7 775 316 26 64).

АЛМАТЫ

08.30 – медицина мекемелерінің ІТ- директорларына, басшыларына арналған конференция өтеді («Holiday Inn» қонақ үйі, Тимирязев көшесі, 2Д. Байланыс телефоны: +7 (747) 094-05-75).

11.00 – «Эфес Қазақстан» компаниясы арнайы шара ұйымдастырады. Шара аясында бүркіттер жабайы ортаға жіберіледі («Сұңқар» орталығы, трасса Алматы – Алма-Арасан трассасы, 8-шақырым. Аккредитация +7 747 262 20 63 телефоны арқылы және akparat@pressclub.kz электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес



sputniknews.kz