8, 9, 10 қазан ауа райы болжамы: Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы

0

Қазан айының басында елдің басым бөлігінде ауа райы жылы болады деп күтіліп отыр. Кей өңірлерде 28 градусқа дейін ыстық болады

НҰР-СҰЛТАН, 8 қазан – Sputnik. Күздің екінші айының басында елдің басым бөлігінде жылы ауа райы сақталады, деп хабарлады Қазгидромет.

Ірі қалалардағы ауа райы

8 қазан күні астанада жауын-шашынсыз. Түнде — 6-8 градус, күндіз 21-23 градус жылы болады. Алматыда желдің екпіні – 0-5 м/с. Түнде 10-12, күндіз 22-24 градус жылы. Шымкентте жауын-шашынсыз. Желдің екпіні – 5-10 м/с. Түнде 10-12 градус, күндіз 25-27 градус жылы.

Сәрсенбі күні астанада түнде 7-9 градус, ал күндіз  22-24 градус нөлден жоғары. Алматыда жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғады. Түнде 11-13 , күндіз плюс 19-21. Шымкентте де күн жылы болады. Түнде 10-12 градус болса, күндіз 26-28 градус жылы.

10 қазан күні елордада жаңбыр жауады. Түнде 7-9 градус,  күндіз– 19-21 градус жылы  болады. Алматыда көшпелі бұлт болады. Түнде және таңертең жаңбыр жауады. Тұман болады. Түнде 8-10 градус, күндіз 21-23 градус жылы. Шымкентте желдің екпіні – 5-10 м/с. Түнде 11-13, күндіз 27-28 градус жылы.



sputniknews.kz