79 жастағы халық әртісі нәрестелі болды

0
163

Ресейде

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Танымал актердің төртінші баласы дүниеге келді

НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз – Sputnik. Ресейдің халық әртісі, театр және кино актері 79 жастағы Эммануил Виторган қызды болды.

Бұл туралы актер әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

«Тағы бір қызымыз дүниеге келді. Анамның құрметіне Клара деп қойдық», – деп жазған актер.

Өткен жылы Эммануил Виторган мен 56 жастағы келіншегі Ириной Млодиктің тұңғышы – Этель есімді қыз дүниеге келген еді. Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, Ирина баланы өзі көтергенін айтқан, бірақ оны екіқабат күйінде ешкім көрмеген. Екінші баланы да суррогат ана туды деген болжам бар, өйткені жуырда ғана ерлі-зайыптыны Юрмаладағы фестивальде көрген.

79 жастағы Эммануил Виторганның бұған дейінгі екі әйелінен бір қызы мен ұлы бар. Ол 5 немере мен екі шөбере тәрбиелеп отыр.

Танымал актер 100-ден астам фильмге түскен.

Айта кетейік, кеше Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановтың өзінен 45 жас кіші Жадыра Сейдешке үйленгені белгілі болды.



sputniknews.kz