77 жастағы белгілі тележүргізуші тұрмысқа шыққалы жатыр
https://sputniknews.kz/images/951/07/9510750.jpg
Sputnik Қазақстан
https://sputniknews.kz/Russia/20191217/12313712/telezhurgizushi-toi.html
Тележүргізушінің болашақ жары өзінен 25 жас кіші, ол бұған дейін екі рет тұрмыста болған
НҰР-СҰЛТАН, 17 желтоқсан – Sputnik. 77 жастағы белгілі ресейлік тележүргізуші Ангелина Вовк музыка тарихшысы Михаил Куницынға тұрмысқа шыққалы жатыр, деп хабарлайды kp.ru.
Бұл ақпаратты Ангелина Вовк растап отыр.
«Миша маған тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады!», — деді ол.
Тележүргізуші той жасау мәселесін әлі шешпеген.
Михаил Куницынның тележүргізушіден 25 жас кіші екені белгілі. Олар түрлі іс-шараларға бірге барып, бірге демалып жүр.
Ангелина Вовк бұған дейін екі рет тұрмыста болған, бірақ балалары жоқ. Дертіне байланысты сәби сүйе алмаған, бала асырап алу ойы да іске аспады.
sputniknews.kz