75 жолаушысы бар Air Astana ұшағында өрт дабылы ойнады: Шұғыл Шымкентке қонған ұшақта не болды?

0

Қызылорда-Алматы бағытымен ұшқан Air Astana ұшағы апатты жағдайда Шымкентке қонды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ұшақ техникалық себептерге байланысты Шымкенттке қонды.

«2020 жылдың 25 қыркүйегінде сағат 17: 43-те Қызылорда — Алматы бағытындағы 986 борты техникалық себептермен Шымкент әуежайына қонды. 17: 50-де борттан 75 жолаушы эвакуацияланды, оның біреуі бала, алтауы экипаж мүшесі», — деп хабарлады әкімдік.

Кейінірек Air Astana баспасөз қызметінде түсіндіргендей, ұшақ өрт дабылы салдарынан екінші аэродромға ұшты. Әуе компаниясы ұшақтың қауіпсіз жерге қонғанын айтты.

«Инженерлік құрам Шымкентке келесі рейсте тексеру үшін ұшып барады. Жолаушыларды жеткізу мәселесі жедел түрде Қазақстан заңнамасына сәйкес шешіледі. Бұл факті бойынша тергеу жүргізіледі», — деп атап өтті авиакөліктің баспасөз қызметі.

stan.kz