727 келіге дейін семірген әлемдегі ең толық адамдарды білесіз бе? — новости Казахстана
Қазіргі таңда семіздік ауруы әлемді жаулап алған. Жылдам даярланатын тағамдар мен стресс, депрессия мен экологиялық жағдайлар жыл санап толық адамдар санын арттыруда деп хабарлайды uznayvse.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Әлемнің ең толық адамы атанған Кэрол Йегер 727 келі салмақ жинаған.
Әйел адам 1960 жылы Мичиган штатында өмірге келіпті.
Кэролдың кішкентай күнінде туыстарының бірі зорлық көрсетіп, жас қыз алған стресстен соң тамақ жеуді әдетке айналдырған.
Үнемі емделсе де, бойжеткен үшін арықтау оңайға түспепті. 560 келіге дейін арықтаған ару 727 келіге дейін қайта салмақ қосқан.
Ал 1994 жылы 34 жасқа келген Кэрол кезекті емнен соң қайтыс болады.
Әлемдегі ең толық ер адамның салмағы 635 келіге жеткен.
1941 жылы Америка штаттарының бірінде өмірге келген Джон Миннох 20 жасында 180 келі болыпты.
Ер адам бір аптада 5 келі салмақ тастап жүріп, жеті күн ішінде 90 келі салмақ жинап алған.
Джон да артық салмағымен күресіп жүріп өмірден өтіпті.
Ал әлемде артық салмағынан құтыла алған ең толық адам — Мануэль Урибе.
Ол өзінің 230 келі артық салмағынан диета мен күтінудің арқасында арылған.
22 жасында 130 келі салмақ жинап үлгерген ол 2002 жылы төсектен тұра алмайтын жағдайға жеткен.
Бүгінде 42 жасқа келген азамат әлі де артық салмақтан арылғысы келеді. Ол өзінің ұлымен доп ойнауды алдына мақсат тұтқан.
Әлемдегі ең семіз балақай 7 жасында 222 келі болған.
Джессика Леонардтың анасы қызының тамақты көп жейтінін мәлім етіпті.
Анасы тамақ бермеген сәтте кішкентай қыз шу шығарып, көз жасына ерік берген.
Қызының болашағына алаңдаған анасы дәрігерлердің көмегіне жүгініп, 4 жылда 100 келі салмақтан арылтқан.
Дереккөз: kaz.nur.kz