”7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін”: Шерзаттың әкесіне қандай жаза тағайындалмақ?

0

Журналист, тележүргізуші Руслан Өтепбай Instagramжелісіндегі парақшасында Қаржаубай Нұрымовтың ірі көлемде айыппұл төлеуі немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтты.

”Қазір ғана келіп түскен ақпарат. Алматы облысының полиция департаментінің айтуынша, Шерзаттың әкесі Қаржаубай 10 миллионнан 25 миллионға дейін айыппұл төлеуі мүмкін, немесе 3 жылдан 7 жылға дейін (шартты түрде) бас бостандығынан айырылуы мүмкін”, — деп жазды ол.

коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Дастан Шанай