7 желтоқсан. Туған күн иелері

0

2018 жылғы 7 желтоқсан 08:08

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін, яғни 7 желтоқсан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


7 желтоқсан. Туған күн иелері 77 жыл
бұрын (1941) ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынұлы ЖҰРЫНОВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласында туған.

Қазақ химия-технологиялық институтында аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, факультет деканы болып қызмет атқарды (1970-1982). 1982 жылдан — Қарағанды мемлекеттік университетінің проректоры. 1985 жылдан Қазақстан Ғылым академиясының Органикалық синтез және көмір химиясы институтының директоры. 1991 жылдан Қ.А.Яссауи атындағы Түркістан мемлекеттік университетінің ректоры. 1997-2001 жылдары Қ.А.Ясcауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің президенті. 2001 жылы Білім және ғылым министрлігінің «Органикалық катализ және электрохимия» институтының директоры қызметіне ауысты.

Химия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының мүшесі (1989), «Парасат» (2005 ж.), «Барыс» (2011 ж.) ордендерімен және мемлекеттік медальдармен марапатталған. Ол Оңтүстік Қазақстан облысының, АҚШ-тың Кентукки штатының, сондай-ақ Арыс, Түркістан, Кентау және т.б. қалалардың құрметті азаматы.


7 желтоқсан. Туған күн иелері 47 жыл
бұрын (1971) ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформалар комитетінің мүшесі Магеррам Мамедұлы МАГЕРРАМОВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Академик У.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық институтын құқықтану мамандығы бойынша бітірген (2009).

Еңбек жолы: «Тахмина» ХЖҚ экспедиторы (1992-1993); «Трабзон» ХЖҚ директоры 1993-1994); жеке кәсіпкер (1995-2000); «Зарина» шаруа қожалығының директоры (2000-2001); ҚКП Алматы облыстық комитетінің мүшесі, бірінші хатшысы (2001-2004).

2016 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.

 


7 желтоқсан. Туған күн иелері 41 жыл
бұрын (1977) Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсел Абылайқызы ЖҮНІСОВА дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универ­ситетін тәмәмдап, 2001 жылы аталған ЖОО-да магистр дәрежесін алды.

Сонымен қатар, Мемлекеттік басқару жоғары мектебінің магистрі дәрежесін иеленген (Токио, Жапония).

Еңбек жолы: «Қазақойл — АЗС» ЖШС қаржы талдаушысы (1999-2000); ҚР Стратегиялық жоспарлау агенттігі Стра­тегиялық жоспарлау және бақылау жөнін­дегі департаментінің жетекші маманы (2000-2001); ҚР Стратегиялық жоспарлау агенттігі Стратегиялық жоспарлау және бақылау жө­ніндегі департаментінің стратегия және салалық даму бөлімінің бас маманы (2001-2002); ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мемлекеттік кірме және несиелеуді жоспарлау департаменті мемлекеттік қарызды талдау бөлімінің басшысы (2002-2003); «ҚазТрансГаз» АҚ, «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «Сам­ғау» ұлттық ғылыми-техно­логия­лық холдингі АҚ (2003 — 2008); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығында сектор меңгерушісі (2008 — 2010); Қазақстан Республикасы Президенті Әкім­шілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары (2010 — 2013); «Нұр Отан» партиясы орталық аппараты жетекшісінің орынбасары (2013-2014); «Нұр Отан» партиясы орталық аппараты жетекшісі (2014-2015).

2015 жылдың қазан айынан бастап — қазіргі қызметінде.