7 жасар зорланған қыздың анасы Тоқаевқа хат жазды

0
1917

Жеті жасар сәбиді өткен жылдың көктемінде Алматы облысы Талғар ауданында ұрлап кеткен. Зорлау әрекетін жасаған педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Алматы облысының тұрғыны Қазақсатан президентіне алғыс хат жазды. Онда ол Талғар облысы бойынша ЖПҚ тергеу бөлімінің тергеушісі полиция аға лейтенанты Ернат Керейқұловтың еңбегін атап өтті, ол кәмелетке толмаған адамды ұрлау және зорлау фактісі бойынша қылмыстық істі жедел аяқтады.

«Тергеу-жедел іс-шараларының нәтижесінде, сондай-ақ тергеуші Ернат Керейқұловтың кәсіби іс-әрекеті, оның саналы көзқарасы, талапшылдығы арқасында қылмыстық іс сотқа жедел жіберілді.

Күдікті кінәлі деп танылып, Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Үкім заңды күшіне енді», – деп хабарлады Алматы облысы ДП баспасөз қызметі.

Хатта полицей барлық қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, тергеу әрекеттерін өте сауатты жүргізгені және бұл мәселені жарақат алған қызға ешқандай психологиялық қысым мен стресс болмай аяқтағаны айтылады.

«Естеріңізге сала кетейік, өткен көктемде Алматы облысы Талғар ауданынында 7 жасар қыз жоғалып кетті. Жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде ол қараусыз қалған ғимараттың жертөлесінен табылды.
Оны ұрлап, зорлаған қылмыскер сол жерде ұсталып, уақытша қамауға алынды. Соңғысына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 125-бабы, 2-бөлігі, 5-тармағы, 120-бабы, 4-бөлігі, 121-бабы, 4-бөлігі бойынша 3 қылмыстық іс қозғалды», – деп толықтырды департамент.