7 қазан ауа райы: Елдің басым бөлігінде қар, жаңбыр жауады

0
0

7 қазан күні Қазақстан аумағының басым бөлігі циклонның ықпалында болады. Осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Республиканың оңтүстігінде түнде жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман, екпінді жел, көктайғақ, шығыс пен орталықта жаяу бұрқасын күтіледі.

«Қазгидромет» РМК-дан мәлім еткендей, Шығыс Қазақстан, Қарағанды ​​облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, 15-20 м/с дейін желдің күшеюі күтіледі.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, 15-25 м/с дейін желдің күшеюі күтіледі.

Ақмола, Павлодар облыстарында желдің күші 15-23 м/с артады.

Жамбыл, Ақтөбе, түнде және таңертең Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде түнде 1-5 градус үсік күтіледі.

Сондай-ақ Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз