7 қарапайым әрі маңызды ереже
Қасыңыздың табиғи қалыңдығын қалай қалпына келтіруге болады: 7 қарапайым әрі маңызды ереже
Қиылған қас баяғыда-ақ сәннен қалды. Бүгін жаңа ережеге жүгінеміз — табиғи қас пен оның табиғи қалыңдығы жаңа сән десе де болады. Қасын жіңішке қылып жұлып тастағандар не істесе болады? Қастың табиғи қалыңдығын қалпына келтіру мүмкін бе?
Мамандардың айтуы бойынша, қастың қалыңдай түсуіне шамамен 4 ай уақыт қажет. Егер қасыңызды тым жұқа қылып терген болсаңыз, оның қалыпқа келуіне бір жыл уақыт кетуі де мүмкін. Ендеше, қасыңызды қалпына келтіруге дайынсыз ба? Шыдамдылық танытып, маңызды ережелерді ұстаныңыз, сіз міндетті түрде дегеніңізге жетесіз.
Brow-bar-ға барыңыз
Ең алдымен — маманның кеңесін алыңыз. Әдемі пішін мен қастың түсін таңдауға көмек алыңыз. Қас теруші адам сізге қасты жетпейтін жерлерін қалай бояу қажет екенін үйретеді, осылайша қасыңыздың жаңа пішінімен қазірден бастап жүре алатыныңыз белгілі, қуаныңыз.
Пинцет туралы ұмытыңыз
Енді ең маңыздысы әрі қиыны: бірнеше айға пинцет дегенді ұмытыңыз. Бұл оңай нәрсе емес, алайда басқа жол жоқ екенін түсініңіз.
Қасты ішінен қоректендіріңіз
Шаштың өсуіне арналған биологиялық белсенді құрам мен дәрумендер қасты да жақсы өсіреді. Шашты өсіретін құралдарды таңдаңыз, мәселен биотин (В тобының суда еритін дәрумендері) және вивискал (шаштың түсуін тежеп, өсіретін амин қышқылды минералды кешен).
Қасты сыртынан қоректендіре біліңіз
Өзіңіздің косметикалық құралдарыңыздың ішіне қасты өсіретін және қатайтатын май мен кондиционерді қосыңыз. Шаштың өсуіне майсана немесе кәдімгі күнбағыс майы да көмектеседі.
Сауатты түрде бояуды үйреніңіз.
Әдемі емес қастың дәуірін бастан өткеретініңізді түсініңіз. Оны косметикалық құралдардың, атап айтқанда қарындаш, балауыз және гель көмегімен реттеуге тырысыңыз.
Дайын болыңыз
Әсіресе екі қастың ортасындағы шаштың реттелуі қиынға соғатыны рас. Оларды косметиканың көмегімен реттеу де қиын. Ол үшін алдымен бармағыңызды қойып, екі қасты бояп алыңыз, одан кейін ғана бармақтың орнындағы шашты теруге мүмкін болады.
Бұрыңғы қателіктеріңізді қайталамаңыз
Бірнеше айдан кейін қасыңыз әдемі болып өсіп, оны пішінге өзіңіз-ақ келтіргіңіз келіп кетеді. Міне, осы кезде бұрыңғыдай тағы да жіңішке қып теріп тастамағаныңыз орынды. Осындай кезде brow-bar-ға жақсы маманға барғаныңыз дұрыс.
Дереккөзі: goodhouse.ru
Дереккөз: http://reactor.inform.kz