7 қаңтарда ауа райы қандай болады

0

Ертең, жетінші қаңтар күні еліміздің бірқатар аймағында тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжанып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Синоптиктер республиканың астанасы мен төрт облысында дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ертең Нұр-Сұлтанда тұман сақталады.

Ақмола облысының кей жерлері мен Көкшетау қаласында да тұман түседі.

Қостанай облысының кей жерлерінде – тұман, көктайғақ.

Түркістан облысының кейбір аймағында тұман және көктайғақ күтіледі.

Шымкент пен Түркістан қалаларында да түнде және таңертең –  тұман, көктайғақ.

Тағы оқыңыз: 2020 жылға жұлдыз жорамал: тышқан жылы кімдер үшін сәтті болады?

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ сақталады.

Бұған дейін Қазгидромет алдағы үш күндегі ауа райына болжам жасады. Республиканың басым бөлігінде қар жауып, бұрқасындатады, көктайғақ болады. Ауа температурасы төмендейді деп болжанып отыр.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз