«7 айлығымда анамнан айырылғанмын»: Анасы туралы айтқан Еркеш Хасен көз жасына ерік берді (видео)
Отандық жас әнші Еркеш анасынан жеті айлығында айырылғанын айтып, жан сырын ақтарды. «Төрлетейік» бағдарламасында өнер иесі әжесінің қолында тәрбиеленгенін баяндап берді, деп жазады Kznews.kz тілшісі.
Бағдарламаның үзіндісін Instagram желісіне Ләйлә Сұлтанқызы бөлісті. «Алланың қалауымен, жеті айлығымда анамнан айырылғанмын. Әжем қолынан келгенше анамның орнын басты. Ақ сүт бермесе де, айранмен өсірді. Баяғыда тіпті мектепке балалар туған күнінде ата-анасымен торт әкелетін. Бәрімізге кішкентай ыдысқа сусын құйып беретін. Мен тамыз айында туылғанмын. Сол кезде ол уақытта сабақ болмағанына қуанатын едім. Балалықпен бе, білмеймін? Өйткені, қыркүйекте туылсам, маған кім келетін еді деп ойлайтынмын. Өйткені, қызығып қараймын. Бірақ арасында осылай көңіл босатып аламын», — деді көзіне жас алған Еркеш Хасен.