«7 айға толды»: Әли Оқапов алғаш рет ұлын көрсетті (ФОТО)

0

Жұлдызды жұп Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай көпшілікке Зейінді көрсетті. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Зейін Әлиұлы 7 айға толды. Әнші Әли Оқапов әлеуметтік желіге ұлының суретін жүктеп, жазба жариялады.

“Зейін бүгін 7 айға толды. Бұл суретті біз бірнеше ай бұрын жасағанбыз. Қазіргі Зейінмен салыстырсаң — екі бөлек адам сияқты. Шынымен де, уақыттың зымырағанын баланың өсіп кеткенінен анық байқайсың. Бар тілегім аман-есен өсіп, денің сау болса болды. Тағы бір айың құтты болсын балам”, – деп жазды әнші.

Ақерке Бүркітбай да ұлына ақ тілегін арнап, жазба қалдырды.

“Әкесінен аумай қалған ботақаным! Аман бол! Денсаулығың мықты болып, нағыз азамат болып ер жет. 7 айға толуыңмен”, – делінген жазбада.

Желі қолданушылары Зейінді әжесі Роза Қуанышқызына ұқсатты.

“Роза әжесінің көшірмесі”, “Роза апайға ұқсайды”, “Әжесі Роза Рымбаеваға ұқсап тұр, ғұмырлы болсын”, “Әжесіне ұқсайды балапан! Аман болсын”, “Апасына ұқсайды екен”, – деп жарыса жазды желідегілер.