7, 8 наурызға арналған ауа райы болжамы

0

Бұған дейін синоптиктер 8 наурызда республиканың басым аумағында күн суық, ала бұлтты болады деп болжаған еді

НҰР-СҰЛТАН, 7 наурыз – Sputnik. Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірінде дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

7 және 8 наурызда бес облыста ауа райы бұзылады, деп ескертті синоптиктер.

Атырау облысында 7 наурызда шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде және Қызылорда қаласында шаңды дауыл соғады. Желдің күші кей аймақтарда 15-20 м/с болады.

Жамбыл облысының Тараз қаласында 7 наурыз күндіз, 8 наурыз түнде жел 23 м/с дейін күшейеді, тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі. Кей жерлерде желдің екпіні 25 м/с дейін барады. Петропавл қаласында да жел күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жел соғады деп болжанып отыр.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда наурызда ауа райы қандай болады

Түркістан қаласында желдің екпіні 25 м/с дейін жетеді.

Шымкент қаласында да жел күшейеді.

Бұған дейін синоптиктер 8 наурыз мереке күні Қазақстанда күн суық, ала бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз болады деп болжаған еді. 9 наурызда елдің батыс облыстарына Қара теңізден жылы ауа массалары ығыса бастайды. Соның әсерінен республиканың қалған аумағында да күн жылынады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз