«7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы: бастапқы жарна қанша
Бастапқы жарнаны ұлғайтуды қарыз алушылардың өзі сұраған
НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Ұлттық банк «7-20-25» бағдарламасы бойынша бастапқы жарнаны 20 проценттен жоғары ұлғайтуды ұсынып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың айтуынша, «7-20-25» бағдарламасын алдында белгіленген шарттар негізінде қаржыландыру жалғасады.
«Бағдарламаға қатысатын банктер санын арттыру және қарыз алушылардың қалауы бойынша бастапқы жарнаны 20 проценттен жоғары ұлғайту ұсынылады», — деді ол үкімет отырысында.
«7-20-25» бағдарламасымен баспана алғандар айына қанша төлейді?
Ол банктердің 600 миллиард теңге сомасында ұзақ мерзімді өтімділігін меңгеруі экономиканың басым жобаларын уақытылы несиемен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Қазіргі уақытта 9 банк кредиттеу бағдарламасына қатысып жатыр. Ұлттық банк бүгін 112 миллиард 700 миллион теңгеге үш банктің облигациясын сатып алды», — деді Досаев.
Сонымен қатар, оның айтуынша, отандық автокөлікті сатып алушыларды несиелеу бағдарламасын жүзеге асыру үшін банк 5 жыл ішінде 100 миллиард теңге бағыттамақ. Биыл 20 миллиард теңге бөлінеді.
«7-20-25» бағдарламасы туралы барлық ақпарат
sputniknews.kz