«68 млн теңге парамен ұсталған»: қаржы министрлігінің шенеуніктері істі болды

0

Антикор тергеу жүргізіп жатыр

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аға тергеушісі Данияр Бегайдаров қаржы министрлігінің лауазымды тұлғаларының қылмыстық әрекеті жайлы айтты, деп хабарлайды Kznews.kz

Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлық агенттігінің департаменті қаржы министрлігінің лауазымды тұлғалары кәсіпкерлік субъектілерінен пара алғанын әшкерелеген.

«Астана және Алматы қалаларында ауыр жемқорлық қылмыс жасағаны үшін қаржы министрлігі басқармасының басшылары әшкереленді. Олар кәсіпорындардың 570 млн теңге салықты негізсіз төлеу бойынша ақпаратқа қол жеткізіп, делдал арқылы фирма өкілінен ақша талап еткен.  68 млн теңге пара алу кезінде қаржы министрлігінің лауазымды адамдары мен делдал ұсталды»,- дейді Бегайдаров.

Оның айтуынша, ведомствоның өзге лауазымды тұлғаларының қылмысқа бар-жоғы тексеріліп жатыр. Тергеу аяқталған жоқ.