65 жастан асқан азаматтардың сыртта жүрулеріне шектеу қойылды — Қазақстан жаңалықтары

0

ҚР-дың бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова ел аумағында 65 жастан асқан азаматтардың далаға шығуын шектеуді тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

егде жастағы адамдар

Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында бас санитар дәрігердің қаулысы жарық көрді.

Жаңа қаулыға сәйкес ел аумағында бірқатар талаптар енгізілмекші. 

«65 жастан үлкен азаматтарға азық-түлік пен дәрі-дәрмекті жеткізуді қамтамасыз ете отырып, олардың қозғалысын шектеуді тапсырамын», — делінген ресми хабарлмада. 

Сондай-ақ Айжан Есмағамбетова 6 сәуірден бастап барлық орта білім беру ұйымдарын қашықтықтан оқытуға ауыстыруға бұйрық берген. Маңызды өзгерістердің арасында әуежайлардың, теміржол және автовокзалдардың ғимаратына шығарып салушы және күтіп алушы адамдардың кіруін шектеу қойылатыны да бар. 

Еске салайық, бұған дейін Дәурен Абаев жаңа ережелерді түсіндірген еді. Сөзінше, енді талаптарды бұзғандарға қатаң жауапкершіліктер қарастырылған. 

 

stan.kz