609 теңгеге Түркістаннан Шымкентке жүрдек пойызбен жетуге болады
«Түркістан -Шымкент» бағыты бойынша жүрдек пойыз қатынай бастады.
Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметінен мәлім етті. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 19 маусымдағы Жарлығымен Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қала мәртебесін алып, әкімшілік орталығы Түркістан қаласы болған Түркістан облысы құрылды.
«Түркістан -Шымкент» бағытындағы жүрдек пойыз аптасына екі рет — дүйсенбі және жұма күндері жүреді. Жолдағы уақыты — 2 сағат 15 минут. Пойыздағы жалпы орын саны — 175. Вагондар заманауи жылыту және салқындату жүйелерімен жабдықталған.
Сондай-ақ арбадағы мүгедектерге арналған көтергіш құрылғылар мен арнайы орындар бар. Жол ақысы 609 теңгені құрайды. Сондай-ақ атап өтілгендей, биылдын бастап «Қаламаңы тасымалы» АҚ аптасына 5 рет қатынайтын әлеуметтік маңызы бар «Түркістан-Бадам» және «Түркістан-Сарыағаш» бағыттарын іске қосты. «Түркістан-Бадам» пойызының жолдағы уақыты 3 сағатты құрайды және компания бұл бағытты Шымкент қаласына дейін ұзартуды жоспарлауда. «Түркістан-Сарыағаш» бағыты жаңа әкімшілік орталықты облыстың оңтүстік аудандарымен байланыстырады. Жолдағы уақыт — 5 сағат 20 минут.
Дереккөз: ҚазАқпарат