“6 жыл гаражда зорланып келген” — НеМолчи қоры 14 жасар қыздың жантүршігерлік оқиғасын жариялады

0

«НеМолчи KZ» қоры 14 жасар қыздың анасы көмек сұрағанын хабарлады. Мектеп оқушысы сегіз жасынан бастап 1998 және 2004 жылы туған туыстарының зорлық-зомбылығына ұшырағанын айтқан.

Үйде және гаражда болған зорлық-зомбылық туралы ешкім білмеген. Қыздың анасы бұл туралы хабардар болған соң дереу полицияға арыз беріп, балаларымен бірге кетіп қалған. Қыздың анасының төрт баласы бар, ол медбике болып жұмыс істейді. Бірақ қызының жағдайына байланысты жұмысынан шыққан.

Полиция берілген өтініш негізінде кәмелетке толмағандарға қатысты бопсалау және зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Екі күдікті анықталып, ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Санкциялық шара сайланған кезде сот соттылықтың жоқтығын, кәмелетке толмаған балалардың болуын және тұрақты тұрғылықты жерін ескере отырып, күдіктілерді үй қамағында ұстау туралы шешім қабылдады. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық істі тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында», — деп түсіндірді Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

фото: google.com