6 жасар қыз 26-шы қабаттан құлап кетіп, таңғажайып жағдайда аман қалды – Қазақстан жаңалықтары

0
131

Қытайда кішкентай қыздың ғимараттың 26-қабатынан құлап бара жатқаны бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Бақытымызға орай, жантүршігерлік апаттан кейін бүлдіршін таңғажайып түрде аман қалды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

6 жасар қыз 26-шы қабаттан құлап кетіп, таңғажайып жағдайда аман қалды

Көпқабатты үйдің 26-қабатында тұратын ата-ана 6 жасар қыздарын пәтерде жалғыз қалдырып, кетіп қалған. Бүлдіршін оянғанда ата-анасын іздеп, абайсызда терезеден құлап кетеді. Оның жантүршігерлік құлау сәті ғимаратта орнатылған камераға түсіп қалды.

Бірақ, ең таңғажайып кадрлар гараждың ішінде түсірілген. Оның шатыры қыздың құлауын бәсеңдетсе керек, себебі бүлдіршін соның арқасында аман қалды. Гараж ішіндегі бейнебақылау камерасына түсірілген кадрда қыздың құлағаннан кейін біраз уақыт жерде жатып, сосын ештеңе болмағандай орнынан тұрып, ата-анасын іздей кеткені анық көрінеді.

Бұл жағдай белгілі болғаннан кейін, қызды шұғыл түрде Чунцин қаласындағы ауруханаға жеткізді. Таңғаларлығы, тексеруден кейін оның тек қолын сындырып алғаны анықталды.

stan.kz