6 шілдеде қанша адам ұсталды
Қысқа сілтеме алу
Елорда күні Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында заңсыз митингілер болды
НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Нұр-Сұлтан және Алматыда болған митингілер кезінде ұсталған азаматтар туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
«6 шілде күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда полицейлер рұқсат етілмеген митингілерге қатысқаны үшін 100-ден астам адамды ұстады. Олардың ішінде 44 адам әкімшілік жазаға тартылды, 19 адамға әкімшілік арест салынды, 23 адамға айыппұл салынды. Басқа адамдар әңгімелескеннен кейін босатылды», — деді Тұрғымбаев журналистерге берген сұқбатында.
Тағы оқыңыз: Қару табылды: министрлік митингіге қатысты мәлімдеме жасады
Айта кетейік, 6 шілде күні Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында заңсыз митингілер болды. Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, прокуратура органдарының ескертуіне қарамастан, кейбір адамдар тәртіп бұзып, заңға қайшы әрекет еткен.
sputniknews.kz