6 шілде күнгі митингіде «жүзден астам адам ұсталды»

    0
    44

    6 шілдеде Нұр-Сұлтан мен Алматыда Астана күнгі наразылық шарасы кезінде полиция «жүзден астам адамды» ұстады. Бұл туралы 9 шілдеде Нұр-Сұлтанда үкімет отырысынан кейін ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.

    Министрдің сөзінше, 19 адам әкімшілік қамауға алынып, 23 адамға айыппұл салған. Қалғандарымен «профилактикалық әңгіме жүргізілген»

    Ал құқық қорғаушылар мен азаматтық белсенділердің есебінше, 6 шілдеде полиция әкеткен адамдардың саны 600-ден асады.

    Ал 6 шілде күнгі маска киіп, қолшатыр ұстаған белгісіз адамдардың Азаттық тілшілеріне кедергі жасау әрекетіне Тұрғымбаев «көптеген адамдарды ұстадық, профилактикалық әңгіме жүргіздік, кейін үйлеріне қайтардық. Егер сіздерге видео (журналистерге кедергі келтіргені жайлы — ред.) бізге беріңіздер, тексереміз» деді.

    Астана күні Ақтөбе мен Шымкентте де Азаттық тілшілері ондаған адамды ұстаған. Осы күні Ақтау, Қарағанды, Орал және Өскеменде де наразылық шаралары болғаны хабарланды.

    Қазақстанда тыйым салынған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысының жетекшісі, 2009 жылдан бері шетелде тұратын Мұхтар Әблязов халықты 6 шілде күні билікке қарсы наразылыққа шақырған.

    2018 жылы наурызда Қазақстан соты ҚДТ қозғалысын «экстремистік ұйым» деп танып, елдегі қызметіне тыйым салған. Ал Әблязовтың үстінен «тапсырыспен адам өлтірді, ірі көлемде ақша жымқырды» деп қылмыстық іс қозғап, өмір бойы түрме жазасына кескен. Ал Әблязов бұл айыптардың саяси астары бар деп санайды.

    Azattyq