6 шілде аза тұту күні еді, біз аспанға от шашып тойлап жаттық

0

«Ұлттық аза күні 6 шілде болып кетті. Өйткені, билік осы күні от шашып, той тойлап, қаралы хал кешіп жатқан ұлтты тірідей өлтірген. Осыдан кейін биліктің аза күнін белгілейтін қақысы да жоқ. Өліммен өзі күресіп жатқан халық, аза күнін де өзі таңдайды. Ол — 6 шілде» деді жазушы Мұрат Алмасбек.

Шыңғыс Мұқан: «Статистикаға кірмей қалғандарды да аза тұтамыз. Олар әлдейқайда көп болуы мүмкін. Бүгінгі қаралы күнде айтылар ой. Жасыру, жалтарудың соңы жақсылыққа апармайды. Симптомы жоқтарды бөлек есептейміз деп едік, ақыры абыройсыздықпен аяқталды.

Ал бүгін қаралы күні. Ковидтен қайтыс болғандарды аза тұту күні. Ал бізде ресми есеп бойынша ковидтен 375 кісі қайтқан.
Былтыр Қазақстанда 133 489 кісі қайтыс болған. Бұл дегеніміз, күніне 365 адам. Күніне 365 адам. (!)
Оның ішінде былтыр КҮНІНЕ 6 адам өз-өзіне қол салған.
Былтыр КҮНІНЕ 7 адам жол апатынан қайтыс болып отырған.
Былтыр КҮНІНЕ ОРВИ, грипп и пневмониядан 11 адам қайтыс болып отырған.
Ковидпен күресіп жатқанымызға төрт айдан асты. Яғни күніне шамамен 3 кісі қайтыс болды.
Статистикаға салсақ, қалыпты жағдай. Ал шын мәнінде бұл статистика шындыққа қаншалықты сәйкес? Әңгіме осыда.
Шындығында пневмонияға ковид себеп болуы мүмкін екенін дәрігерлердің көбі айтып жатыр. Сондықтан, бүгінгі аза күнінде статистикаға кірмей қалғандарды да еске алып, аза тұтамыз. Олар ресми мәліметтен әлдеқайда көп болуы мүмкін» деді.

 

«Салютді ұмытқан жоқпыз, ұмыттыра алмайсыңдар. Бүгін адамдықтың өлімінің жетісі» деді Молдияр Ергенбеков.