6 мың 500-ден астам палестиналық Израиль түрмесінде қамауда

0

Израиль қауіпсіздік күштері Батыс Шерия аймағында жүргізген «тазалау операциясы» кезінде 16 палестиналықты тұтқындады. Израиль тарабы жасаған мәліметте, қамауға алынған палестиналықтарға «лаңкестік әрекеттерге қатысы бар» деген айып тағылған.

Израиль қарулы күшпен бақылауына алған Батыс Шерия мен Шығыс Иерусалимде үйлерге жиі тінту жүргізіліп тұратыны белгілі болды.  Кезекті «тазалау операциясы» да соның бірі. Мәліметтерге қарағанда, лаңкестік шабуылмен қатысы бар делінген палестиналықтар тұтқындалып, тергеуге алынған.

«Тазалау операциясы» кезінде тұтқындалған палестиналық. Фото: Анадолы7

Израильдің тарабы «әкімшілік тергеу» процесі тұтқындалған палестиналықтарды 1 айдан 6 айға дейін қамауда ұстайды. Егер тергеу кезінде күдіктінің Израиль қауіпсіздігіне қатер төндіргені расталса, 5 жылға дейін қамалады.

Палестина ресмилері бұндай тінту әрекеттерін айыптайды және Израиль түрмесінде 6 мың 500-ден астам палестиналықтардың қамауда жатқанын алға тартады.

“The Qazaq Times”