«6 баласы бар отбасы карантинге жіберілді»: Полиция ақпаратқа түсініктеме берді – Қазақстан жаңалықтары

0
14

WhatsApp мессенджерінде Мәскеу-Тараз рейсімен ұшып келген әйелде коронавирустың анықталғаны туралы, сондай-ақ алты баласы бар отбасының карантинге жіберілгені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ватсап

Жамбыл облысының полиция департаменті бұл хабарлардың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

Полиция қызметкерлері азаматтарға жалған хабарлама таратпауға және тек ресми ақпаратқа сенуге кеңес берді.

Айта кетейік, заңда жалған ақпаратты, оның ішінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленген.

ҚР ҚК-не сәйкес аталған қылмысты жасаған азаматтарға үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.

Бұған дейін карантин кезінде Алматыдағы блок-бекеттердің тәртібін сақтамағандардың қалай жазаланатыны туралы хабарланды.

stan.kz