6,7 миллиард доллар: 27 жастағы жігіт әлемдегі ең жас миллиардер атанды

0

Ethereum криптовалютасының негізін қалаушылардың бірі Виталик Бутерин әлемдегі ең жас миллиардерлердің қатарына қосылды.

Бутерин ресми түрде тарихтағы ең жас крипто-валюта миллиардері және өзін-өзі жасаған екінші жас миллиардер атанып отыр.

Жаңа миллиардер Виталик Бутерин 2013 жылы 19 жасында ethereum-ді жасап, 2015 жылы криптовалюта нарығына таныстырған. Қазір оның дижитал әмиянында 333,500 ethereum сақтаулы тұр. Мамыр айының алғашқы аптасында аталмыш криптовалютаның бір данасы $3,500 ға жетіп, Бутеринның капиталы $1.1 миллиардты құраған болатын.

CoinMarketCap мәліметі бойынша 2021 жылдың қаңтарынан бастап Ethereum бағасы 375% -ға өсті. Криптовалюта нарығындағы барлық Еthereum-нің құры $403 миллиардға жетті.