589 полиция қызметкері коронавирус жұқтырды — Қазақстан жаңалықтары

0

ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев вирус жұқтырған ішкі істер органының қызметкерлеріне қатысты ақпарат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Карантин жағдайында полиция қызметкерлеріне ауыр жүк түсті. Блок бекеттерде жұмыс істеген қызметкерлерге қауіп төнгені туралы айтып берді министр.

«Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлерімен қатар ішкі істер министрлігінің де қызметерлеріне үлкен қауіп төнді. Блок бекеттерде 7 мыңға жуық қызметкер жұмыс жасады. Оған қоса адам көп жиналған жерлерде жаяу нарядтарымыз да болды. Тікелей байланыс болғандықтан, ешкім вирус жұқтырмады деуге болмайды», — дейді Тұрғымбаев. 

Министрдің айтуынша 600-ге жуық қызметкер коронавирус індетін жұқтырған. Қазіргі таңда вирус жұқтырғындардың көп бөлігі жазылып шыққан, олардың ішінде көз жұмғандар жоқ дейді Тұрғымбаев.

«Полиция қызметкерлерінің ішінен жалпы 589 қызметкерден коронавирус инфекциясы анықталды. 419 қызметкер жазылып шықса, 170-і емделіп жатыр. Әскери қызметкерлер мен полиция қызметкерлерінің арасынан қайтыс болғандар жоқ», — дейді министр.

stan.kz