583 мың теңге айыппұл. Қазақстанда жаңа заң күшіне енді
Қазақстанда пайдаланылған газдар мен шуларға айыппұлдар өсті.
1 шілдеден бастап қоршаған ортаны ластайтын және санитарлық нормаларды бұзатын дыбыстар шығаратын ақаулы көліктерді басқарғаны үшін айыппұлдарды көбейтуді көздейтін заң күшіне енді.
Айыппұл жеке тұлғаларға 29170 теңгені, заңды тұлғаларға 291 700 теңгені құрайды. Жыл ішінде қайталанған заңбұзушылық үшін ол екі есеге артады — сәйкесінше 58340 және 583.400 теңге.
Бұрын автокөлік иелері үшін зиянды шығарындыларды арттырғаны үшін айыппұл бар-жоғы 5834 теңгені құраған, ал санитарлық нормаларды бұзатын шу мүлдем қарастырылмаған.