305 мемлекеттік қызметкер құмар ойынның құрығына түскені анықталды
ҚР-ның мемлекеттік қызметшілері мен шенеуніктері құмар ойындарға 507 млн теңге салған. Олардың жалпы саны 305 адамды құрайды, — деп хабарлайды Ratel.kz сайты.
Олардың қатарында:
— ҚР Ішкі істер министрлігі — 97;
— ҚР Қорғаныс министрлігі — 95;
— ҚР Қаржы министрлігі — 25;
— ҚР Жоғарғы Соты — 7;
— ҚР Қаржы мониторингі агенттіктері — 15;
— ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі — 3;
— Жергілікті атқарушы органдар — 36;
— Басқа мемлекеттік органдар — 27.
Фото: ашық ақпарат көздерінен