500 теңгелік банкнотты қабылдау тоқтатылды – ұлттық банк мәлімдемесі

0
0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Бүгіннен бастап 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болып табылмайды

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Ұлттық банк бүгіннен бастап 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттардың айналымда болу кезеңінің аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  

Ескі банкноттардың айналымына қатысты ақпараттар осы кезге дейін де бірнеше рет БАҚ беттерінде жазылып, жарияланды. Ұлттық банк алдағы уақытта бұл мәселенің қалай реттелетінін түсіндірді.

2020 жылдың 10 маусымынан кейін:

  • екінші деңгейдегі банктер қатар айналыс кезеңі аяқталған күннен бастап 12 ай ішінде ескі үлгідегі банкноттарды қабылдайды және қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастайды;
  • Ұлттық банктің филиалдары екінші деңгейдегі банктердің қабылдау және айырбастау мерзімі аяқталған соң тағы 3 жыл ішінде ескі үлгідегі банкноттарды қабылдайды, сондай-ақ оларды жаңа үлгідегі ақша белгілеріне айырбастайды.

«Осылайша, 2020 жылғы 10 маусымнан кейін 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болып табылмайды», – делінген баспасөз хабарламасында.

Сонымен бірге, 2017 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттар айналыста болады және төлемдердің барлық түрлері бойынша Қазақстан аумағында көрсетулі құны бойынша, сондай-ақ банк шотына есепке алу және аудару үшін қабылдауға, барлық банктер мен ұлттық пошта операторы шектеместен ұсақтауға және айырбастауға міндетті болып қала береді.

Айта кетейік, ескі және жаңа үлгілердегі банкноттарды қатар айналысы кезеңінде 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттарды қабылдаудан бас тарту фактілері туындаған жағдайда, тиісті шаралар қабылдау үшін ұлттық банктің аумақтық филиалына өтініш жасау қажет.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз