50 жыл бұрын әскерилер үшін жасалған дәрі COVID-19 қоздырғышын емдеуде тиімді екені белгілі болды — Қазақстан жаңалықтары
Ресейлік ғалымдар COVID-19 қоздырғышына қатысты «Мефлохин» препаратының вирусқа қарсы белсенділігін дәлелдеді. Бұл туралы Федералды медициналық-биологиялық агенттігі айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Мефлохиннің» SARS-CoV-2 (COVID-19 қоздырғышы) вирусының цитопатикалық әсерін 1 литрге 2 микрограмм концентрациясында дамуын толық бұғаттағаны дәлелденді. Мұндай концентрация препараттағы адамның қан плазмасына қолдануға рұқсат етілген терапиялық дозада қабылдағаннан кейін қол жеткізіледі», — деп мәлімдеді агенттік басшысы Вероника Скворцова.
Оның айтуынша, препараттың клиникалық әсерлерін зерттеу үш ғылыми орталықта жүргізіледі.
«Мефлохинді» бір рет қабылдағаннан кейін тәулігіне 750 миллиграмм (250 миллиграмнан 3 таблетка) дозада қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясы алғашқы тәулік ішінде бір литрге 1,51 микрограммға жетеді. «Мефлохинді» қабылдауды жалғастыру кезінде 500 миллиграммнан (250 миллиграмнан 2 таблетка) қан плазмасындағы концентрация артады және екінші-үшінші күні вирустың элиминациясын қамтамасыз ете отырып, бір литрге 2,7-3,8 микрограммға жетеді. Препаратты одан әрі 250 миллиграмм (тәулігіне 1 таблетка) дозада қабылдау емнің барлық курсы бойы (7 күн) және оны аяқтағаннан кейін бірнеше күн ішінде қажетті концентрацияны қолдауға мүмкіндік береді», — деді Скворцова.
«Мефлохин» (басқа атауы — «Лариам») — безгектің алдын алу немесе емдеу үшін қолданылатын дәрі. Препарат 1970-ші жылдардың басында АҚШ-та Уолтер Рид атындағы армиялық ғылыми-зерттеу институтында Вьетнамдағы соғыс аяқталғаннан кейін жасалған.
«Мефлохин» Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған негізгі дәрілік заттар тізіміне кіреді. БАҚ-тың хабарлауынша, препаратты Гуантанамо базасында қамаудағыларға тестілеу жүргізілді.
stan.kz