«50 мың теңгеге оразаңды бұз»: Блогер ауыз бекіткендерді азғырған

Көшеде ауыз бекіткен азаматтарға ақша ұсынып, оразасын бұзуға шақырған видео желідегілерді ашуландырды. Бұл туралы Kznews.kz сайты Stan.kz-ке сілтеп хабарлайды.
Видеода ер адам көшеде өткен-кеткенге ақша мен тамақ ұсынып, оразасын қаза қылуды сұрайды.
«Қазір аузыңды ашып, оразаңды бұзсаң, 50 мың теңге беремін. Оған қоса бургер сыйға аласын», – дейді блогер.
Видеодағы екі жігіттің бірі оразасын бұзудан бас тартса, екіншісі ойланбастан ауызын ашып жібереді.
Желі қолданушыларының басым бөлігі автордың бұл әрекетін құптамай, наразылық білдірді.
«Ақша берген адамның өзі кінә арқалады», «Басқа видео түсіруге болмайтын ба еді?! Оразаны мазақ еткендерің қалай?», «Оданша ауыз бекітсең 50 мың теңге беремін деп сауапқа кенелмедің бе?!», “Жоқшылықтан адам не істемейді”, “Олай адамның нәпсісімен ойнамаңыздар”, – дейді желі қолданушылары.